Алғы сөз

Ақынның парызы адамның сана-сезімін ояту. Ол үшін ақынның айтқаны халықтың құлағына жетуі керек.  Қазіргі ақпараттық-технологиялық заманда ақын үні ел құлағына шалына бермейді. Ілуде бір шығарған жинағының тиражы мыңнан апай жатады. Қалайда “халықтың құлағына жетемін” деген ниетпен “Жанама жалған” атты жыр жинағымды осы сайт арқылы өздеріңізге ұсынып отырмын. Оқып, пікір алмассаңыздар ақын үшін одан асқан бақыт жоқ. Ізгі ниетпен…

 Қасым Ботанов