Егер  мені  сүйер  болсаң  шынымен,

Егер  маған  сенер  болсаң  шынымен.

Жанарымды  тамызық  қып,  жалықпай,

Жұлдыздарды  тұтатар  ем  түнімен.

 

Кілем  қылып  төсеп  сайын  даласын,

Шарайна  ғып  берем  көлдің  шарасын.

Желпуіш  қып  тербетемін  тұсыңда,

Көбелектің  желден  жеңіл  қанатын.

 

Тауға  да  ұрып,  тасқа  да  ұрып  басымды,

Бірақ  күнге  сиғызыар  ем  ғасырды.

Гүл  шоғына  көмілдіріп  күлкіңді,

Ерініммен  құрғатар  ем  жасыңды.

 

Күн  боп  күліп,  Ай  боп  сүйіп  түнімен,

Махаббат  боп  жүрегіңе  үңілем.

Егер  мені  сүйер  болсаң  шынымен,

Егер  маған  сенер  болсаң  шынымен.