Қара  шашты  таңғы  шыққа  малдың  ба?

Қара  қасты  қарлығаштан  алдың  ба?

Дірілдейді  хауыз  жарған  гүл  ерін,

Ең  алғашқы  махаббаттың  алдында.

 

Жұлдыз  тамған  жанарыңа,

Жұмақ  тұнған  жамалыңа,

Періште- қыз.

 

Қарағаның  кеудеме  нұр  таратып,

Қара  жалын – лапылдайды  қарашық.

Кірпігіңе  күміс  сәуле  оралып,

Жанарыңнан  келе  жатыр  таң  атып.