Қандай  қуат  бүгін  таңды  жандырған,

Қандай  шуақ  мейіріңді  қандырған.

Шаршы  алаңда  ант  береді  сарбаздар,

Отан  деген  Ұлы  сезім  алдында.

 

Өлшеміндей  намыспенен,  ардың  да,

Өжеттік  пен  батырлық  та  бар  мұнда.

Бабалары  қамшысымен  қорғаған,

Ант  береді  ұлы  дала  алдында.

 

Дәуір  жүгі  жауыр  қылған  абат – қыр,

Сан  жорықты  бастан  кешкен  алап  бұл.

Жас  сарбаздың  жүрекжарда  сертіне,

Ұлы  соғыс  ардагері  қарап  тұр.

 

Жолыңды  жас  жалғастырса- жақсылық,

Келешегім  көрсетпесін  жат  қылық.

Қарт  жауынгер  күлімдейді,

                                        тұрғандай

Ел  тағдырын  ұрпағына  тапсырып.