Шаңырағы  шексіздікке  ұласқан,

Тас  төбеме  төңкеріліп  тұр  аспан.

Туырлық  бұлт  комбинаттың  үстінде,

Түйе  жүнді  шудаларын  шұбатқан.

 

Мұржалардың  мәртебесін  айналып,

Жүріп  алды  қанаттарын  жай  қағып.

Бедеу  бұлттай  қаңтарылып  отырмын,

Тамшы  тамбас  қаламыма  байланып.

 

Қалқыды  бұлт,  көктің  төсін  қия  алмай,

Қонатұғын  шың  таппаған  қырандай.

Алуан ойлар  ала  қашып  мыиымда,

Андыздайды  жыр  шумағы  құралмай.

 

Қараңғылық  көміп  Жауыр  тау  үстін,

Төс  қағысып  түтіндермен  қауышты.

Арай  тұнды комбинаттың  үстіне,

Қызыл-жасыл  құйрығындай  тауыстың.

 

Омырауы  айқұш-ұйқыш  жасындап,

Әшекейлі  аспан  келді  жақындап.

Қазір,

        қазір  төгіледі  көк  нөсер,

Қағазына  төнді  міне  ақын  да.