Алғадай  едім,

                    жасын-оқ  дарып

Жығылғам,  құрбан  шалынып.

Астында  жердің  басы  жоқ  тәнім,

Рухымын  Кенесарының.

 

Ардың  жолына  атап  арманын,

Қайралды  кекке  намысым.

Жақсылық  досқа  жасай  алмадым.

Кәуірмен  күнде  алысып.

 

Жаңбырмен  жуып,  ұлықтар  әркім,

Тәнімді  тіктеп  құлып-тас.

Достарым  мені  ұмытар  бәлкім,

Дұшпаным  мәңгі  ұмытпас.