( Әділдің  шілдеханасында)

 

Шілдеханасыз, 

бесіксіз  бала  өсіппе,

Нәресте  үшін  аспанда  биік,  несіп  кең.

Жұлдызға  тартқан  ғарышкерлердің  жолы  да,

Басталады  екен  Байқоңыр  емес  бесіктен.

 

Күн  жүйесінде  құрдымды  кезіп,  сел  кешіп,

Адам  атаны  өсірген  екен  жер  бесік.

Асқар  да  міне  атаның  жолын  жалғады,

Немере  сүйіп, 

бедерлі  бесік  тербетіп.

 

Арманның  асау  тізгінін  ұстап  қолына,

Шарлады  жерді  ат  жалы  түйе  қомында.

Бесіктен  белі  шықпаған  нәрестенің  де,

Көшпенділердің  түйіршігі  бар  қанында.

 

Көшеді  заман,  сағымдай  жылжып  көшеді,

Атаға  тартып  жетелі  жігіт  өседі.

Тоқтамау  парыз, 

                           таусылса  жолдың  трабы,

Адамға  біткен  қасиет  мәңгі  өшеді.

 

Үстінде  жердің  айтылып  бітсе  сан  аңыз,

Көбейді  көкте  «қара  құрдымдар»  қараңыз.

Бесікке  сиыймай, 

                             ашады  жаңа  ғаламды,

Ғарышты  кезіп Әділ  есімді баламыз.

 

Жер  бесік  қана,  жауқазын  өмір  тұр  өніп,

Ашулы  аспан  қарайды  кейде  түнеріп.

Атадан  қалған  аяулы  дәстүр  бойынша,

Бесіктің  бауы  берік  болсын  деп  тіледік.

 

 

 

             ***

 

Сұрапыл  соғыс  ғаламда,

Жасындар  өрген,

Есте  жоқ  ескі  заманда

Ғасырға  келгем.

 

Бесігін  аңыз  тербеткен

Намыс  түлегі,

Далалықпын  мен,  ержеткем

Алысты  көріп.

 

Ақын  боп  шықтым  жыр  дарып

Ескеріп  елім,

Аға  да  болдым,  бұл  да  бір 

Естелік  еді.

 

Бүгінде  тарғыл  мұнардай

Айнаға  қарап.

Танымай  тұрмын,  мынау  қай

Қаймана  қазақ?

 

 

 

 

           ***

 

Соғыс,

Соғыс

Тарихта  атыстар  көп,

Қауіп  төнген  шығыстан,

                             батыстан  кеп.

Аңыздардан  жаттадым – Арғы  атамыз

Жоңғардың  соғысына  қатысқан  деп.

 

Соғыс,

Соғыс.

Ерлерді  жасытқан  жоқ,

Қыршын  өмір  төгілді  қасық  қан  боп.

Бүгігі  ұрпақ  айтады:  - Арғы  атамыз

Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан  деп.