***

 

Жомарт  иаусым  жеті  түс  көрпе  құрап,

Әзер  басты  аптығын  бөрте  бұлақ.

Қызыл  қырман  кенеліп  молшылыққа,

Дала – дихан,

Қала – құт ,

Өлке – жұмақ.

 

Пейіліндей  кең  аспан  керімсалдың,

Кеңістіктің  кемерін  көзім  шалды.

Сергектікке  байытып  болмысымды,

Ауада  жүр  синестез – сезімталдық.

 

Баяғы  күз  дәстүрлі,

                                   баяғы  ауыл,

Баяғыдай  қыр  кезіп  самала  жүр.

Қалған  белгі  махаббат  маусымынан,

Келіндердің  жұмыр  бел,  аяғы  ауыр.

 

Сезем  күздің  жасауы  тоналарын.

Бәрі  заңды, 

                  көңілде  жоқ  алаңым.

Балаң  орман  бұлғайды  құс  жолына,

Сағыныштың  сары  ала  орамалын.