Алды  артымда  лағып  кеткен  жол  қалып,

Болмысыма  көңіл  толмай, 

                                                 долданып,

Көне  мұра – дауылпазды  қолға  алып,

 

Әй  келіп  дауылдаттым - ау,

Селдетіп,  жауындаттым – ау.

 

Сейіліп  бір  қырау  қатқан  бұлт – қабақ,

Жынды  судан  азын  аулақ  ұрттап  ап,

Табанымда  құжынаған  қыртта  қап,

 

Бұлттарды  дүркіреттім – ау,

Бұршақты  сіркіреттім – ау.

 

Мынау  фәни – тіршілікте  не  көрдім,

Қоқыс  көсеп, 

күл  суырып,  көнердім,

Бүгін  ғана  биігінен  өнердің,

 

Аспанды  жасындаттым – ау,

Тауларды  тасырлаттым – ау.

 

Өмірдің  бос  өткеніне  арландым,

Жаңа  ұққандай  жалғандығын  жалғанның,

Соңғы  сәтте  атын  атап  арманның,

 

Сілкініп  шеруге  шықтым,

Күйкіні  көріне  тықтым.

 

Дабыл  қағып  дымкес  кеуде  далада,

Түтүнменен  тыныстаған  қалада,

Жыраулардан  жұрнақ  қалған  санаға,

 

Шерімді  ақтардым – ау  бір,

Өмірде  ақталдым - ау бір.

 

 

              ***

 

Бастан  кешкен  қауіппенен  қатерді,

Бүхараның  бұралаңдау  жолы  шын.

Ұлы  хадық  иығына  көтерді,

Ұлы  Отан  соғысын.

 

Дұшпан  онда  келген  еді  бетпе  бет,

Ағаларды  аттандырды  ел  ішкі.

Фашизмды  қарғап  сілеп  өскен  ек,

Жылап  сықтап  қарсы  алғанбыз  жеңісті.

 

Бір  жеңіске  жетіп  едім  бақ  қонып,

Шын  жеңіске  жетпей  қойды  қол  ұшым.

Жиһандану  заманына  тап  болып,

Әлі  жүрмін  Отан  үшін  соғысып.

 

Көзге  қораш,

                      әлжуаздау  болсам  да,

Шыбын  жанды  шүберекке  түйіп  мен,

Жүрмін  бүгін  Ленинградтық  қоршауда,

Рейхстагты  алам  деген  үмітпен.