Жарылысынан  жалғанның,

Жаралған  алғаш  қуатпын.

Көз  жұмған  Квазарлардың,

Соңында  қалған  шуақпын.

 

Мазасыз  мыйға  енермін,

Сәулесі  болып  сананың.

Аты  өшпес  әулиелердің,

Кесенесінде  жанамын.

 

Инфра-нұры  шарлаған,

Жиһанның  бойлық,

                                    ендігін.

Түйсікті  тұңғыш  жалғаған,

Алғашқы  сөздік – белгімін.

 

Тарылған  шақта  өкпе  кең,

Жылытам   тұсын  жүректің.

/Жұлдыздар  шуақ  төкпеген,

Күні  жоқ  қара  түнектің./

 

Әлсізбін,

            бірақ  әлемнің,

Меірімі  үшін  күресем.

Белгісіз  Ата - Әжеңнің

Бейітінің  басын  күзетем.

 

Жиһанмен  жарық  құрдаспын,

/Алладан  түскен  аятпын./

Ақынмен  түнгі  сырласпын,

Көбелектерге – маякпын.

 

Өмірдің  мәні  қараң  қап,

Баспасын  түнек  тұманы.

Өшірме  мені

Адамзат!

Жанғанша  таңның  шырағы.