Дауысым  бар 

             жартас  қайтара  алмайтын,

Жаңғырықтарға  бергісіз.

Жалғанда  мына  қайталанбайтын,

Басбармағымның  белгісі.

 

Басынан  бағы  тайған  бағана

Үміткер,

               шенге  таласып,

Жыл  сайын  өтер  сайлауда  ғана,

Даусымның  өсер  бағасы.

 

Кім  үшін?

Неге  жарысқа  түседі?

/Халықты  алдау  парыз  ба?/

Депутат  біткен  ант  су  ішеді,

Даусымды  сұрап  қарызға.

 

Кептеліп  көмей, 

                        құран  боп  тұнар,

Қарамай  қораш  түріне.

Ұлыстың  күні  ұран  боп  шығар,

Халықтың  қоссам  үніне.

 

Сайлап  алатын  ардағың  қайсы,

Даусыңды  жеткіз  кешікпей.

Халықтың  дауысы – Алланың  дауысы!

Vocs  populi – vocs  dei!*

 

 

* Лат. – халықтың  дауысы – Алланың  дауысы.