Күн  болып  тұтатып  шырағын,

Ырысын  таратып  кененше,

Баршаға  түсірді  шуағын,

Өзіне  бұйырды  көлеңке.

 

Гүл  болып  бұтақта  тұтанып,

Тәңірден  тілемей  күтімді.

Баршаға  таратты жұпарын,

Өзіне  сіңірді  түтүнді.

 

Ауа  боп,

              аптапта  тымырсық,

Оттегі  озон  боп  жарылды.

Кеңейтті  баршаның  тынысын,

Өзінің  тынысы  тарылды.

 

Жер  болып  құлдыққа  жалданып,

Жалаңаш  кеудесін  от  қарып,

Тірліктің  жүрегін  жалғалы,

Өзінің  жүрегі  тоқтады.