Жарық  еді  жұлдыздарым,

Биік  еді  аспаным.

Сәтті  күндер,  тәтті  түндер,

Өте  шықты  қас -қағым.

Артымызға  қарайламай,

Алты  қырдан  әрі  астық.

Қалай  ғана  абайламай,

Албырттықтан  адастық.

 

Мауыт  түннің  қызықтырған,

Құрдымына  үңілдік.

Таңғы  шыққа  тұнып  тұрған,

Қырды  қуа  жүгірдік.

Тарпаң  едік  талай  бала,

Тежемейтін  тағатты.

Қалай  ғана  абайламай,

Асаулықтан  адастық.

 

Таңқурайдың  шырынына

Боянатын  ерінің.

Жел  тараған  тұлымыңа

Шырмалатын  сезімім.

Алма  жүзің  арайлана,

Бір  жеміске  таластық.

Қалай  ғана  абайламай,

Сол  бақыттан  адастық