Түрін  бұлдап  тоты  құс,

Қолдан  теріп  несіпті.

Тұтқын-торда  отырып,

Жетпіс  жасқа  жетіпті.

 

Ал  бауыры  орманда,

Еркін  ұшып  күн  ұзын.

Жиырма  жасқа  толғанда,

Тамамдайды  ғұмырын.

 

Еркін  өмір  межеден,

Елу  жыл  кем,

                      санашы.

Қымбат  еді  не  деген,

Бостандықтың  бағасы!