Сәби  шақтан  тұрақтап,

Елес  қалған есімде.

Бөлеп  түлкі  тымаққа,

Анам  мені  өсірген.

 

Өткеніңді  табасың,

Жүріп  шалғай  жерлерде.

Еске  түсті  анашым,

Кенгуруды  көргенде.

 

Ұқсастық  тұр  қаншама,

Табылып  бар  керегі,

Тымақтайын  қалтада,

Жатыр  өсіп  бөбегі.

 

Табиғаттың  жүрекпен,

Тілін  ұққан  даналар.

Тіршілікті  түлеткен,

Аналар-ай,  Аналар!!!