Жаппар  ием! 

Қабыл  алдым  сиыңды.

(Кім  ойлаған  кеземіз  деп  қиырды).

Қыз  кеңейтіп  өрісімді,

                                         құдалық,

Аустралия  құрлығынан  бұйырды.

 

Жасыл  белді, 

                  жұпар  желді  «жұмаққа»,*

Құдам  менің  судай  сіңген,  тұрақтап.

Түйесі  бар, 

                биесі  бар  құдамның,

Шұбаты  мен  қымызы  жоқ  бірақ та.

 

Өздерінше  дайындалған  күн  бұрын,

Қонақ  күтіп,  болып-ақ  жүр  құлдығым.

– Біздің  жақта  «бас  тартады»  деп  едім,

Алып  келді  кенгурудың  құйрығын.

 

Жағажайда  тамашалап  дельфинді,

Көңіл  шіркін  серпілудей  серпілді.

Келіп   бірде,  Тынық  мұхит  тұсына,

Қозғап  алдым  тыныш  жатқан  дертімді.

 

Аламанда  толқындардың  түйдегі,

Арқадағы  ақ  селеу  боп  биледі.

Мұхит  әнін  күңірентіп  санамда,

Көбік  шашты  Құрманғазы  күйлері.

 

Сол  ақ  екен

Іштен  бір  шер  қозғалып,

Ару  дала  Аруана  боп  боздады.

Қашып  шығып  «жұмағынан»  құданың,

Ұштым  кері  қос  өкпемді  қолға  алып.

 

*»Rarfdise»  қаласы – жердегі  жұмақ  деп  аударылады.