Қақады  қыс, 

                  боранын  түтіп  бетке,

Торғай  отыр  тасада  үсіп  текке.

Отаншылын  қарашы  бұл   бейбақтың,

Жылы  жаққа  құс  болып  ұшып  кетпей.

 

Қыз  бетіндей  төсінің  қызыл  дағы,

Әрең  отыр  қыршыны  қиылғалы.

Үлбірейді  боранда  бармақтай  құс,

Қай  жеріне  сиып  тұр  шыбын  жаны?