Той  дегенде  желік  кіріп  кеудеге,

Арғымақтар  аласұрды  кермеде.

Алып  болып  кетті  біздің  ағалар,

Кербезденіп  кетті  кілең  жеңгелер.

 

      Керегеміз  кең  екен,

      Тереземіз  тең  екен.

      Ағалар  мен  жеңгелер,

      Құтты  болсы  мерекең.

    

      Көңіліміз  көл  екен,

      Сезіміміз  сел  екен.

      Құрдастар  мен  құрбылар,

      Құтты  болсын  мерекең.

      Құтты  болсын, құтты  болсын  мерекең.

 

Думандатып  қазақтың  кең  даласын,

Ән  барады  алты  қырдан  әрі  асып.

Би  төрінде  жұлқынады  жүректер,

Ерке  қызға  еркін  жігіт  жарасып.

 

Ару  біткен  бүгін  ерке,  қылықты,

Қызықтырсаң  дәл  осылай  қызықтыр.

Жүрек  біткен  махаббаттан  өртеніп,

Жанар  біткен  мейірімге  тұнып  тұр.