(Крыловтың  ізімен)

 

Халық  жүгін  артатұғын  ел  сеніп,

Есіл  ерлер кетіп  жатыр  ерте  өліп.

Ер тұлғалы  емен  еді қайыспас,

Бір дауылда құлап түсті теңселіп.

 

Шілік болса - тұнып  тұрған нәзіктік,

Тәкаппарлық,  

                   өрлікті де тәрік  қып.

Сол  дауылда  мың  бұралып  бүгіліп,

Ертесіне  алды  бойын  жазып  тік.

 

Соғыс  өтті  өзегінен  от  өріп,

Аштыққа  да  кетті  елдің  еті  өліп.

Ер  көтермес тауқыметін тағдырдың,

Нәзік  белі  арудың  тұр көтеріп.