Ғұн  да  болған,

                      кезінде  Сақ  та  болған,

Қалыптасып  Қазақ  боп  атқа  қонған.

Содан  бері  адаспай  келеді  елім, 

Қасым  ханнан  басталған  қасқа  жолдан.

 

Көмейінде  күркіреп  көсемдердің,

Жасын  шашты  тілімен  шешендердің.

Үш  би  жазып  қалдырған  «жеті  жарғы»,

Емеспе  еді  белгісі  есейгеннің.

 

Әділдікке  ұйытқан  қазағымды,

Сара  заңды  ел  білді,  дала  білді.

Жаудың  бетін  қайырып,

                                бітпес  дауды

Шешіп  берген,  қақ  жарып  қара  қылды.

 

Қайран  елім!

Алаштың  қаймағы  едің,

Шыбын  жанын  шындыққа  байлап  ердің,

Егемендік  байрағын  желбіретті,

Етігімен  су  кешкен  қайран  елім.

 

Хақ  жолынан  таймаған  аталарым,

Аманат  қып  қалдырған  баталарын.

Шариаттай  ұйыған   жүрегімде,

Ынтымағым,  бірлігім    Атазаңым!