Одаққа  жетіп  атағы,

Жиылып  жастар  өрімтал.

Өндіріп  өнім  сапалы,

Дүрілдеп  тұрды  Теміртау.

 

Түтіні  тұтам  тұлымдай,

Желбіреп,  көктен  қол   бұлғап.

Құдайдың  кенже  ұлындай,

Теміртау  үшін  Комбинат.

 

Кеудеден  қызыл  от  өріп,

Ошағын  жағып  ырыстың,

Күн  сайын  қазан  көтеріп,

Қотарып  бақты  құрышты.

 

Ыдырап  Одақ – жарықтық,

Бүлінді  дені  сау  қала.

Кезеңі  келіп  нарықтың,

Комбинат  түсті  саудаға.

 

Қармансам  қолым  жетер  ме,

Қалмаған  жұртта  бұйым  қай?

Комбинат  кетті  шет  елге,

Қазаққа  ғана  бұйырмай.