Жұпар  жел  беттен  өпкенде,

Көбелек  қумай  көк  белде.

Тамызып  ащы  теріңді,

Қаңылтыр  өндір  көктемде!

 

Айтарым  саған  наз  ғана,

Қанағат  қылып  азға  да,

Бел  шешіп  жатпай  бусанып,

Қаңылтыр  өндір жазда  да!

 

Жеткізіп  пайыз  жүзге  де,

Сапасыз өнім  іздеме.

Жаңылмай  жазғы  желістен,

Қаңылтыр  өндір  күзде  де!

 

Жұлынып  боран  ақ  таңда,

Жер  кебін  киіп  жатқанда.

Кебенек  киіп,  кеудеңе,

Қаңылтыр  өндір  ақпанда!

 

Еңбегің  жанып  ел  үшін,

Татарсың  сен  де  жемісін!