(Медетов  Пазылбекке)

 

Ең  қымбатты  газ  іздеп,

Орманға  айтар  назым  көп.

Орман  газын   былай  деп,

Түсіндірді  Пазылбек.

 

-Жұмсалып  көп  кәсіпке,

Шығын  болған - Оттегі,

Озондағы  тесікке,

Тығын  болған - Оттегі.

 

Жердегі  һәм  көктегі,

Қымбат  бұйым – Оттегі.

Оттегісіз  әлемде,

Тіршілік  те  жоқ  тегі.

 

Ағзаң  тыныс  алмайды,

Ошағың  да  жанбайды,

Өндірмеске  оттегін,

Еш  амалың  қалмайды.