Тілімнен  түсер  аунап  жыр,

Ерліктен  ерен  ту  жасап.

Коксохимнан  сен  аулақ  жүр,

Еңбекқор  болып  тумасаң.

 

Секілді  бейне  жер  асты,

Газбенен  тозаң  қосылған.

Осында  иіс  ең  ашщы,

Ең  ащы  жұмыс  осында.

 

Фенолыңменен,  бензолың,

(Мұқият  тыңда  оқырман).

Шығатын  ащы  тер  болып,

Химия  біткен  осында.

 

КОКСсыз  бұнда  атпас  таң,

Көмірден  шыққан  шыңдалып.

ҚОҚЫС  деп  қалма  баттасқан

Авгидің  қорасындағы.

 

Түспейді  төмен  қабағың,

Түсіне  білсең  осыны.

Қайнатқан  ырыс  қазанын,

Өндірістің  бұл  отыны.