***

 

Жауыр  қылып  жорықта, 

                                      қара  басып,

Айбас  мұнда  қалдырған  қазанатын.

Осы  жерді  ұрпағы  Ұйық  тұтып,

Өндірістің  орнатты  қағанатын.

 

Ошағына  оңтайлы  олжа  салып,

Көктен  жасын  құлады  қолға  тамып.

Конвертордың  қанында  құрыш  қайнап,

Шойын  шайқап  Домналар  толғатады.

 

Аттандырдық  ақ  құрыш, беріп  жоспар,

Мақтан  құрдық,  ғарышқа  еніп  Тоқтар.

Стратосфераны  тесіп, 

Шексіздікке

Үңіледі  мұржалар – перископтар.

 

Үмітіміз  алдағы  айқындалып,

/Отырмаймыз  әліптің  артын  бағып./

Бағы  жанған  саусағы  болатшының,

Балқыманың  сипайды  алтын  жалын.

 

Теміртаудан  басталған  лағыл  арна,

Төрт  мұхит, 

Бес  құрлыққа  танылар  ма?!!

Қара  қазан  көтерген  халық  едік,

Ақ  түйенің  қарыны  жарыларда!.