Жез  жапырақ,

Сыр  тамып  сыңғырынан,

Көмейінде  құрбының  тұнды  бір  ән.

Өрмекшінің  тінімен  матап  алған,

Шыбынсыз  жаз  күшіңе  құлдық  ұрам.

 

Мәуелі  бақ  маужырап  мүйістегі,

Жұпар  самал  жемісті  иіскеді.

Бұдан  нәзік  бола  алмас  бозбаланың,

Бойжеткенмен  алғашқы  сүйіскені.

 

Толғағы  толған  ана  секілденіп,

Егістіктің  тершіді  кекілдері.

Келер  күзге  күдікпен  телміреді,

Құстар  қайтқан  көңілдің  жетім  көлі.

 

Самал  сипап  кеудеңді  мүсіндеген,

Сәби-сезім  түкке  де  түсінбеген.

Қан  қысымы  тепкілеп  капиллярды,

Саусағыңның  ұшында  лүпілдеген.

 

Сары  алтын  сабырың  қараң  қалып,

Жез  жапырақ  лапылдап, 

санаң  жанып.

Тиым  салған  жемістей  қыздың  төсі--

Сүрінеді  жанарың  соған  барып.