Жұлдыз жоқ болар тамызық,

Жанары сөнген Айдың  да.

Қаланың  демi тарылып

Тұншықты қара айдынға.

 

Төбемнен төнiп қара аспан,

Торлады тұман бетiмдi.

Мен бейне кеме адасқан,

Терезең   маяк секiлдi.

 

Отырсың  үнсiз,

                          ойланып.

Көрмейсiң  менi   беу неге?

Мен тұрмын жiпсiз байланып,

Табынып асыл бейнеңе.

 

Қылындай қылыш жүзiнiң,

Наизағай тiлдi түнектi.

Бiр тамшы түстi үзiлiп,

Бiр жүрек шала дiр еттi.

 

Тигендей жасын - жанарың,

Дiр еттi жүрек мендегi.

Сағынып қаппын қарағым

Сездiң  бе,

                 әлде сезбедiң.

 

Терезең  ашық алыстап,

Арадан өттi сел жүрiп.

Отырсың  үнсiз ғарышта,

Түнекке түпсiз телмiрiп.

 

Кiрпiгi көктiң  қағылмай,

Төгiлдi жаңбыр - сезiмiм.

Соқырдың  саусақтарындай

Iздейдi  сенi  ерiнiм.

 

Өзiңе, қалқам, аманат

Байлығы қысқа ғұмырдың.

Берейiн қылсаң  қанағат,

Жартысын  патшалығымның.

 

Жанымды өттi шарпып от,

Бейнеңе тұрмын сыр ашып.

Тәңрiм-ау,

Алтын тамшы боп,

        Құшағыма кеп құлашы.

 

 

 

               ***

 

Талабыма  тағылды  тағы  да  сын,

Сыншылар-ай,  мінеуге  ұстасыңдар.

        --Сөздің  майын  тілінен  тамызатын,

Жетіп  жатыр  сенсіз  де  мықты  ақындар.

 

Жегілген  соң  тәуіптік  тертесіне,

Неменеге  жыр  жазып  жүрсің,  күнім?

--Жазып  жүрмін,

Жарар  деп  көрсетуге,

Анау  мықты  ақынның  мінсіздігін.