Ардагерлер...

Аталар...

Әкелерім...

Аруағын  аялап,  мәпеледім.

Болса  егер  жүлдесі  замананың,

Ең  әуелі  соларға  әперемін!

 

Олар – Тарих.

Көктегі  Ата  қыран!

Ақ  патша  да  сескенген  атағынан.

Жұматай  мен  Төлепбай,

Иманбайлар,*

Ата  қыран...

                   Сүйейін  сақалынан!

 

Қалам  әлсіз.

Бәріңді  атамасам,

Мүсініңді  кеше  гөр  қашамасам.

Ауыл  Совет – Кеңестің  қазығында,

Атан  жүгін  көтерген  Атан  атам.

 

*Жұматай  Иманбаев,

Төлепбай  Көшербаев,

Иманбай  Жанғабылов

Түсіпов  Атан --  Жиделіде  Кеңес  үкіметін  құрушылар.

 

Әкем  Ботан  көрсетіп  алыптығын,

\Боран  орап  кеудесін  қарыпты  күн\.

«Қырық  нар  қамыс»  үйдіріп,

Аталарға

Пирамида  тұрғызған  жарықтығым.

 

Аңыз  болып  тарихта  қалды  бәрі,

«Өлді»  деген -- өңездің  сандырағы!

Болашаққа  жосылтып  бара  жатыр,

Ауыздықпен  алысып  арғымағы.

 

Революция – мұраты,  жан  алауы,

Отқа  кіріп..,  өртеніп  барады  әні.

ХХ-шы  ғасырдың  әкесі  олар,

17-ші  жылдардың  балалары...

 

Ақ  патшаның  ада  боп  азаптары,

Октябрдің  атқанда  «азат  таңы»,

«Кіші  Революциямен»  шайқасыпты,

Отызыншы  жылдардың  қазақтары.

 

Олар  тірі,

Он  сегіз...  он  тоғызда,

Ескіліктің  шығарған  тоз – тозында.

Олар  тірі!

Іздері  сайрап  жатыр,

Жетісуда,

Жиделі  совхозында...

 

Асқақ  еді  Алатау  сынды  арманы,

Әлі  есімде  күреспен  шыңдалғаны.

Аудан  орталығы  да  Жиделі  еді,

30-ыншы  ойранды  жылдардағы...

 

Өткен  олар  қатерлі  қақпалардан.

Елге  тірек  болды  деп  мақтана  алам.

Сұмырайлар  жаласын  жапса  дағы,

Ар  алдында  өздерін  ақтап  алған.

 

Талай  сәттер  болды  ғой  ел  ұялар,

Ұрпақ  бәрін  жаһанға  жариялар.

Енді  оларға  жаласын  жаба  алмайды,

Зымиян  Бериялар!

 

Жаба  алмайды  жаласын!

Ата  қыран

Келеді  ұшып! Айналдым  қаһарынан!

Өсекшінің  қаңқуы,  кәуесеті,

Шалдарымның  келмейді  бақайынан!

 

Олар  Аңыз!

Серік  боп  арманменен,

Жолдас  болған  сан  тұлға,  тарланменен.

Патшаны  да  тағынан  жұлып  алған,

Байқап  сөйлес  сен  біздің  шалдарменен!

 

Сілкінгенде  күрес  пен  жапан  далам,

Имановтар  үйінде  жата  алмаған.

Әлібилер – елшілер  сапарлаған...

Әуезовтар  шешендер  мақалдаған...

Қапталынан  қысқанда  қатал  заман,

Социализм  дейтұғын  самолетке

Феодализм  дейтұғын  ат-арбадан –

Олар  бірақ  аттаған  қаһарлы  адам!

 

Көз  ұшында  Болашақ  көрінгенде

Дәуірлерден  --

                          дәуірлерге;

Жұмақтағы  қақпалар  ашылғанда

Ғасырлардан –

                           Ғасырларға

Олар  бірақ  аттаған!

             Арынды  әлі!

Көз  алдымда  дидары,  жадымда  әні.

Олар  бірақ  аттаған!  Жолдас,  Тарих,

Неткен  алып  солардың  адымдары!

 

Батыр  халық!

Жеңімпаз!

Дархан  халық!

Құл  боп  өмір  сүрмеген  арқандалып.

41- дегі  қаһарман  әкелерді,

Фильмдерден  көресің  аң –таң  қалып!

 

Отырғам  жоқ  сөзімді  шығындап  құр,

Жас  іркіліп  көмейді  тығындап  тұр.

Алапатқа  аттанған  әкелерді,

Еске  аламыз  арқамыз  шымырлап  бір.

 

Ғұн  ұрпағы  бұзбаған  ғұрыптарды,

Бақанастан  аттанды  үміт,  қайғы.

Өксікбай  мен  Қанатбек,  Шілдебайлар,*

Ата  тарих  ешбірін  ұмытпайды.

 

*Өксікбай  Исабаев,

Қанатбек  Аяшев,

Шілдебай  Бұқатов – Ұлы  Отан  соғысының  ардагерлері.

 

Әкелер –ай!

Бейнелер  түсімдегі,

Пішіндері  бөлек-ті,  мүсіндері.

Айдаһардың  азулы  тісіндегі,

Алас  ұрған  өрттердің  ішіндегі.!

Өзі  түсіп  кетсе  де  жаһаннамға,

Жиделіге  бір  бомба  түсірмеді.

 

Жеңіс  қана  айналып  арманына,

Үміт  артқан  ел  еді  ардағына.

Отан  үшін  оққа  ұшқан,  отқа  түскен,

Шаң  жуытпан  жеңімпаз  шалдарыма!

 

Экипаж  деп  кәдімгі  қатардағы,

Есімдері  60  жыл  аталмады.

Ұлы  Отан  соғысының –

Гастелло  емес,

Бақтыораз—

Бірінші  қаһарманы.

 

Жудың  шебін  үн-түнсіз  талқандаған,

Тылға  барып,

Талай  «тіл»  арқандаған.

Түн  тынысын  сезетін  далалықтар,

Разведкада  алдына  жан  салмаған.

 

Бүгін  оны  жатпайды  әркім  танып,

\Төгілер  деп  кім  білген  қан  мұншалық\.

Ауыр  артиллерия  арқалады,

Менің  де  үлкен  ағайым  Әбдімүтәліп.*

 

 

Ботанұлы  Әбдімүтәліп – Ұлы  Отан  соғысының  ардагері.

 

 

Тығырыққа  сан  шайқас  тіреліп  те,

Зеңбіректер  от  шашты  тірі - өлікке.

Төрт  жыл  бойы  алысып, 

                                           ақырында

Берлин  оның  алдында  тізе  бүккен.

 

Олар – Отан

                   Оғы  әзір  оңбағанға,

Олар – Халық...  шежіре – ойлағанға.

Олар –Тарих.

Сен  оны  түсінесің,

Жүрегіңнің  түбіне  бойлағанда.

 

Түсінейік  оларды.

                       Ұшып  өліп

Кеткен  еді-ау  ұрпақтар  түсіне  еніп.

Түсінейік  оларды,

                        Тарихта  егер

Қателігі  болса  да  түсінейік.

 

Өсиетін – мазасыз  шақта  мұндай,

Түсінейік  жолдаған  хаттарындай.

Бабасының  сүйегін  көрден  алып,

Отқа  жаққан  ұрпақтан  сақта,  құдай.

 

Түсінейік...

               Сенбейік  әңгүдікке,

Жаны  құмар  жалаға,  сан  бүлікке.

30-ыншы  жылдардың  шекпендерін,

Мұражайда  сақтайық  мәңгілікке!

 

Ұрпақтарым!

                   Тарихқа  жетіктерім!

Арманымды  Аманат  етіп  менің –

Ғасыр  сайын  кремдеп  сақтаңыздар,

41-інші  жырдардың  етіктерін.

 

Тарихтың да  бар  бетін  арнаңыздар,

Мұражайда  ғұмырын  жалғаңыздар.

Абайсызда  оқ  тескен  шинельдердің,

Бір  түймесін  жоғалтып  алмаңыздар!

 

Жоғалтпаңдар,

               жазбасын  ел  кесірге,

Соғыс  өрті  жанбасын  жер  бетінде.

Жалын  кешкен  тарихтың  тағылымы,

Ғасырлардың  сақталсын  зердесінде!

 

Мінәжат  қып  тұрайық  Тәңірге  де,

Қайта  оралып  бұл  апат  келмесін-деп!!!

 

 

        

                   «ТЕМІРТАУ»  газтіне

 

Қаламыз ба  деп  көз  жазып  керемет  тιлден,

Қам  жеме  халқым ,

                            келедι  кебенек  киген.

Бірінші  болып  жаңғыртып  бабаның  сөзιн

Үнпарақ  едιң  елιмдι  елең  еткιзген.

 

Шыңдалған  құрыш  қаламың , қырағы  көзιң

Атадан  қалған  ұлағат   ұнады  сөзιң.

Тιл  менен  дιлдιң  отына  тамызық  болған

Атойы  да  өзιң   қауымның,  ұраны  да  өзιң.

 

Саясат  едι  жιгерιн  жасытқан  ердιң

Сындарлы  сөздιң  көмейιн  ашып та  бердιң.

Кеңейтемιн  деп  аясын  Ана  тιлιмнιң

Төрткүл  дүниенιң  тамырын  басып та көрдιң.

 

Тұңғышы  болдың, 

Тағдырың  несιп  еткен  бе?

Не  жетсιн  шιркιн  қиянды  кешιп  өткенге.

Көрιктι  сөйлем  көмейден  құйылсын  дәйιм

Көңιл  көзι  ояу   сезιмтал   көкιректерге.

 

Жүзιншι  дана  қалама  тарады  дағы

Жаттады  тιлдι  балауса  дала  бұлағы.

Алыстығы  жоқ  деседι   көрιнген  таудың

Ертең-ақ  Ана  тιлιмнιң  жанады  бағы.