Достарым,

Жайсаңдарым жалғандағы,

Түн қатып түзде қиқу салғандарым.

Төрiме баса көктеп шығыңдаршы,

Көз  тоймас  көкжал  бөрі, тарландарым.

 

Қыран көзбен бiр шолып көш көлемiн,

Асыра айтып жақсысын өскен елiм.

Қоңыраудай көмейдi күмбiрлетiп

Бөсiп бiр сөйлеңдершi бөспелерiм.

 

Қызыл сөздi көндiрiп ырқымызға

Балта батпай май жұққан мұртымызға,

Бiрiмiздi бiрiмiз мақтайықшы

Дущпанымыз түңiлсiн сыртымыздан.

 

Бiз мактансақ  жанарда айдын күлiп,

Бетпердесiн түсiрер  айдың жүзi.

Пәтер бiткен бiздегi  -  патша сарай,

Қатын бiткен шетiнен  ханнын қызы.

 

Ысырып  тастап тiрлiктiң  сергелдеңiн,

Жақсы болды-ау бәрiңнiң  келгендерiң.

Күлше пiскен осынау демдерiңнен,

Кеңейіп  сала бердi-ау  болмем менiн.

 

Өмiр жалғыз, өткiншi;  соны  ұққаның,

Дубiрлеп қал жүректей толық  қаны.

Бүгiн де бiр армансыз сiлтейiкшi,

Бөлiп жеп алдыңдагы омыртқаны.