Оқып,

Тоқып,

Білімін  көп  өсірген,

Көрдік  талай  ғалымды  төбесінген.

Көпті  көрген  көне  көз  ғұламалар,

«Өтіп  барам  түк  білмей»- деп  өкінген.

 

Құйып  алған  жадына  заң,  жарғыны,

Ақиқаттың  жаттанды  арзан  құны.

Билеріңді  тіреген  тығырыққа,

Қожекеңнің  әпенди - аңғалдығы.

 

Жатпаса  да  ілімді  айлап  тізіп,

Миығының  астынан  жайлап  күліп,

Алпыс  екі  айлалы  Люциферді,

Алдар  атаң  алады  жайдақ  мініп.

 

Данышпандық  ғалымға  қонса  дағы,

Қарапайым  тірліктің  мол  сабағы.

Сондықтан  да,

Аяз  би  әлін  біліп,

Түйсігімен  құмырсқа  жол  табады.