Біреу  сені  құрып  кетті  десе  де,

Күнде  маған  кездесесің  көшеде.

 

Бір – біріне  ұқсамайтын

Қалалардан  көрдім  мен.

Бір-біріне  ұқсамайтын

Далалардан  көрдім  мен.

 

Көрдім  сені  көсемдердің  көзінен,

Көрдім  сені  шешендердің  сөзінен.

 

О,  Ізгілік!   Өлеңімнің  көрегі!

Сен  тіріде –Мен  де  биік,  өр  едім.

Сен  жүрмейтін  құрлық  бар  ма  жиһанда?

Сені  біреу  түрмеден  де  көреді!...

 

О,  Ізгілік!

Өлеңімнің  көрегі!