Шатастырма,

Сенсіз  де  әлем  шатасқан.

Мен  жарықты  бөліп  алам – қапастан.

 

Тірі  болсам  бөлем  мен;

Су  татитын  өлеңді

Қан  татитын  өлеңнен.

 

Шатастырма  сауатсыздар,  сайқалдар;

Данте  деген –

Дантес  емес,

Байқаңдар!