Дуалдың  екі  құрбы  етегінде,

\Елемей  сұлулықты  өтемін  бе?\.

Қос  көйлек,  екі  бантик,  екі  жанар,

Топлый  жалғыз  ғана  екеуінде.

 

Дуалдың  арғы  жағы  клуб  алды,

Би  кеші  өтіп  жатыр  қызығарлық.

Топлый  аяқтарды  алмастырып,

Біреуі  кетті  биге  бірі  қалды.

 

Екі  ару  билеп  алған  күй  көңлін,

Басылды  соғыс  өрті,  биле  бүгін.

Бір  әке  екі  аяғын  қиды  осыған,

Осы  үшін  екінші  әке  қиды  өмірін.