О,  дала!

Лирамыздың  гүл-гүл  бағы!

Біржан  сал!

Сара  сұлу!

Бұлбұлдары!

 

Лақтырып  түнегіне  нұр  уыстап,

Алашта  Цицеронның  туын  ұстап.

Ойланып – толғанып  біз  таба  алмайтын,

Жиһанға  жақұт – жырды  суырып  сап, --

 

Ақындар  сайрап  кетті  асқан  ұлы,

Ғасырдың  ғажайып  боп  қас-қағымы.

Ешкіөлмес – ел  жиналған  бауырына –

Ерен  бір  поэзия  патшалығы!

 

Бастан  бір  заман  өткен  сондай,  көкем,

Жиенқұл  жетісіп  не  толғайды  екен?!

...Түксиген  түрлі – түсті  теледидар,

Ешқашан  Ешкіөлместей  болмайды  екен.—

 

О,  Муза!

Лирамыздың  гүл-гүл  бағы!

Біржан  сал!

Сара  сұлу!

Бұлбұлдары!