Қала  еді  көрмегенім,

Жүк  машина  ақ  таңда,

Қыр  төсіне  өрмеледі,

Тиіп  кетіп  аспанға.

 

Сегіздемін,

Күн  қақтаған,

Шашым  желге  таранды.

Тамыз  түні  құндақтаған,

Жұлдыз  тамған  таң  алды.

 

Шарт  түйініп,  базаршылап,

Қап  үстінде  келем  мен.

--Бұл  Данилдің  баласы  ма?—

Төнеді  түн  төбемнен.