Серттен  тайдық біз  де,  міне,

Сүрінеміз  балаққа.

Қыздырмайды  қыз  қылығы,

Қуантпайды  шарап  та.

 

Түстік  шарап  жетегіне,

Құштық  небір  сұлуды.

Алдап  кетті  екеуі  де

Ұқсас  екен  қылығы.

 

Өтті  жастық  өтер  ізбен,

Айдарынан  жел  ескен.

«Ағай»  едік  кеше  біздер,

«Ата»  болдық  кенеттен.

 

Мүмкідік  бар  басқа  мұнда,

Бірақ,  бірақ  не  етерміз?

Жаңа  міндет  атқаруға,

Дайын  емес  екенбіз.