1.

 

Әлде  өкпелеп, әлде  жеңіл  еркелеп,

Дедің  маған

--Өзгермейсің  жүгірмек,

Біз  ерлерден  қартаямыз  ертерек.

--Рас,  бірақ  әділдікке  жүгінсек,

 

Санасқанда  дәл  осындай  өлшеммен,

Ұмытпаған  саған  да  жөн  мынаны.

... Қартаясыз,

Бірақ  біздің  мөлшерден,

Әлдеқайда  көп  жасайсыз.  Сынаңыз.

 

 

 

                       2.

 

Кейде  жөнсіз  лепіреміз,

Дау  дүлділін  қамшылап.

Сансыз  сөйлем  көпіреді,

Теңіздегі  тамшыдай.

 

Қайда,  қайран,  жыр  шарпыған,

Жалынымен  аймақты.

Жарқ-жұрқ  еткен  бір  тамшы  қан,

Жер  шарындай  салмақты.