Философтар  мадақтаса  жырыңды,

-«Онда  Гегель  ойы  бар-деп- маздаған!»

Арулар  да  мадақтаса  жырыңды,

-«Тіпті  Хфиз-деп  те – бұлай  жазбаған!»

 

Бәрі,  бәрі  мадақтаса,

Сол  құрлы,

Ғайбат  сөздер  айбат  берсе  саған  да;

Анаң  егер  түсінбесе  сол  жырды,

Онда –

        сені  түсінбейді

Заман  да!