Музалар,

Шығыңдар  эфирге,

Қанаты  қырандардың  қайрылғанда,

Аққулар  сыңарынан  айрылғанда.

Жер  бетінде  нахақтан  қан  аққанда,

Гүл  өртеніп  жатқанда  алаптарда!

 

Сен  Пайғамбарсың,

Пайғамбардың  бәрінен  бөлексің  сен...

Тіршілікті  соғыстар  жалмағанда,

Әлемді  обалар  жайлағанда –

                                   керексің  сен!

 

О,  менің  Муза  тәңірім,

Жүректің  ыстық  жалынын,

Лапылдатып  шығарар  кезге  сеніп,

Ақ  қарлар  еріп  жатқанда,

Ақындар  өліп  жатқанда –

                                     кездеселік!

 

Жұлдыздар  сөнгенде

                        сен  жануға  тиіссің,

Өлмейтін  өмірдің,

Сөнбейтін  күні  құсап.

Ақындар  өлгенде,

                     сен  тірі  қалуға  тиіссің.

Өлметін  өмірдің,

Сембейтін  гүлі  құсап!

 

Кел,  Музам,

Қуарғанда  қырлары  құба  белдің,

Суалғанда  дидары  гүл - әйелдің,

Жайлап  мылқау  үнсіздік  аспан  астын,

Қалған  кезде  кесіліп  тілі  әлемнің!

 

Жаратқан  сені  табиғат,

«Пәктікті  жырла  Адамға,

Тарих  тақыр – Музасыз –деп,

Адамзат 

Ақылды  тыңдамағанда,

Ақынды  тыңдасын» -- деп.