Теңіз  дегенде елестеуші  еді  бір  ғалам,

Көк  долы толқын  шашырап  көкке шулаған.

Толқын  жалына  жармасқан жалғыз қайықты,

Тұңғиық  түпке  түсіремін  деп  тулаған.

 

Адуын  емес  момақан  екен  бүл  теңіз.

Тоғыз  валл  толқын  болмайды  мұнда білсеңіз.

Анаңдай  болып  сипаиды  жұмсақ  денеңді,

Баладай  болып  құшағына  бір  кірсеңіз.

 

Шуақта  суға  шомылған  тастар – жабағы,

Сипайды  жонын  теңіздің  тұзды  шалабы.

Жазыққа  сонау  жолдаған  сәлемдемедей,

Айдынға  құштар  шағала  қанат  қағады.

 

Ескі  досыңдай шажіре  шертіп  күнімен,

Сұхбаттасады  мейірімділіктің  тілімен.

Толқынның  асты  тылсым  бір  өмір ғажайып,

Келгендей  көшіп  ғарыштың  тұнық  түбінен.

 

Жағаға  шығып  жатам  да  сәл-пәл  тыншығып,

Тереңге  тағы  созамын  құлаш  құлшынып.

Айқайлап  тұрып  ақиқат  айтам  ағайын –

--Теңізде  туған,  теңізден  шыққан  тіршілік.