Бұл  өзеннің  жарқабағының  биіктігі 

                                           1100  метрге  жетеді.

 

Жойқын  күште  бар  ма  арман,

Күркіреген  көз  ілмей.

Қара  қылды  қақ  жарған,

Әділеттің  өзіндей.

 

Қызықтауға  бауырым,

Тұра  алмайды  жан  шыдап.

Қара  құзлың  сауырын

Жатыр  әне  қамшылап.

 

Шығарып  сан  бүлікті,

Күйіп  піскен  бұл  өзен.

Мың  жүз  метр  биікті

Тіліп  түскен  бұл  өзен.

 

Бір  құдірет  шала мас,

Шарап  шашып  желіккен.

Қаһарынан  қара  тас,

Қақ  жарылған  неліктен.

 

Тентек  өзен – Марачо

Тепсінеді  төменде.

Бұлттан  биік  жағасы,

Түксиеді  төбеңде.

 

Мұндай  салды  кім  көрген,

Жиылмайтын  айылы.

Өте  алмайды  бұл  жерден,

Хароныңның  қайығы.

 

Жан  басқызбас  бұл  нөпір,

Көп  лайық  бірақ  та.

Салу  үшін  қыл  көпір

Апаратын  жұмаққа.