Жомарттығын  жайып  сап  жасыл  жаға,

Ақтылы  қой  өргізіп  жатыр  дала.

Әр  талаптың  өзінің  өрісі  бар,

Ой  өрісі  керек  ақ  ақынға  да.

 

Жандар  қанша  санасы  құлыпталған,

Жолдар  қанша  тарихта  ұмыт  қалған.

Өркені  өсер  жігітке  өріс  керек,

Өрмелейді  бір  отар  үміт  алдан.

 

Сырнай  шертіп  даланың  кезбе  желі,

Шаңқай  шабыт  өрісте  кез  келеді.

Дирижердің  сыйқырлы  шыбығындай,

Ақ  таяғы  қойшының  тербеледі.