Арқаның  азынаған  боранына,

Шыңдады  дала  бізді  орады  да.

Такаппар  табиғаттан  болып  өстік,

Демейміз: –Бақытымыз  жоғарыда.

 

Қалғанда  қыр  астында  бала  шағым,

Теміртау  болды  менің  жолашарым.

Мұржасы  өзім  құрған  сонау  пештің,

Тұр  тіреп  өмірімнің  болашағын.

 

Ішінде  палатканың  әуелі  біз,

Дауылмен  жарысатын  әуеніміз.

От  жағып  Жауыртаудың  жотасына,

Теміртау  біздің  ашқан  әлеміміз.

 

Қаталдау  жаратамын  жерді  тегі,

Қажымас  ондай  жерге  ер  бітеді.

Домнаның  ішіндегі  жалын  үні,

Бойыңды  ширатады,  сергітеді.

 

Домналар  шанағынан  күй  ақтарып,

Жаныма  құдіретті  қуат  дарып,

Балқыма  бұлқынады  пеш  ішінде,

Жер  шарының   жүрегі  сияқтанып.