Терлет  бүкіл  ғаламды,

Қауырт  қимыл – қызыл  өрт.

Адам  қылған  адамды,

Жұмыс  атты  құдірет.

 

Біле  білсең  казіргі,

Жоқ  осыдан  асқан  бақ.

Қара  жұмыс  кәдімгі,

Байқоңырға  баспалдақ.

 

Ортаймайды  өмірің,

Жеңсең  істің  ауырын.

Жабырқаса  көңілің,

Жұмыс  істе  бауырым.

 

Бақытым  боп  жаншы  бір,

Тер  тамызшы  жүректен.

Жұмыссыздық  жан  түгіл,

Қоғамды  да  жүдеткен.

 

Қақ  дабылды,

                          күңірент,

Жылжыт  алға  заманды.

Жұмыс – жалғыз  құдірет,

Адам  қылған  адамды.