--«Түтіндетіп  тұрған  шығар  қалаңыз?»

Бұл  сөзіңнен  секем  алып  қаламыз.

Түтініміз  кемшілікке  жатпайды,

Түсініңіз,

              оймен  шолып  қараңыз.

 

Әрине,  бұл  нышаны  емес  тазаның,

Бірақ  бұны  жек  көрмеген  қазағым.

Әлде  сенің  түтінсіз  бе  ошағың,

Әлде  сенің  күйесіз  бе  қазаның?

 

Түтін  біздің  өскендіктің  өлшемі,

Көтермесе  кемітпейді  ол  сені.

Түтініміз  бір  бөлшегі  жалынның,

Жалын  сенің  ырысыңның  бөлшегі.

 

Пеш  ішінде  жанартаудай  жарылған,

Қазақ  ұлы  бақыт  тапқан  жалыннан.

Деуші  еді  ғой;

                      - Отың  мәңгі  өшпесін!

Баюбам  менің  отқа,  сірә,  табынған.

 

Солай,  достым,  түтінді  тек  қорлама,

Түтін  ортақ  еңбегіме,   олжама.

Түтіндетіп  тұрса  біздің  Теміртау,

Шойын  балқып  жатыр  деп  біл  домнада.