Бұлттанса  көгім  бүгін,

Неге  қайран  қаласың.

Тілмен  айтып  көңіл  күйін,

Жеткізе  алған  қай  ақын.

 

Жалған  айтсын  демесеңіз,

Жауап  күтіп  сұқтанба.

Жан  сырыңды  не  жетеді,

Жанарыңнан  ұққанға.

 

Кеуіп  қалған  кенезесі,

Көлден  саулық  сұрама.

Көз – көңілдің  терезесі,

Терезеден  сығала.