Әліптің  артын  жасырып,

Ауланың  құтын  қашырып,

Жапырақтарды  сапырып,

Жауып  үлгермей  басылып,

Өтті  де  кетті  ақ  жаңбыр,

Әлде  бір  жаққа  асығып.

 

Бұрымын  баудың  тарамай,

Сусындатуға  жарамай,

Мінді  де  желге  жөнелді,

Алды  артына  қарамай.

 

Үрпиісіп  тұр  ағаштар,

Алданып  қалған  баладай.