Миымды  шаққан  сынақ  бұл.

Біткенде

Қанды  жорықтар,

Санамда  қалған

Сызат  бір,

Тірейді  тағы

Соғысқа.

 

Ұмытқым  келер,

Ал  бірақ,

Жылдарға  өткен  қарамай,

Санамда  қалған

Сол  сызат,

Өртейді

Ескі  жарадай.

 

Айналып  келіп

Ұршықтай,

Жадымда  тұрар  жаңғырып.

Санамда  сызат –

Тыртықтай,

Өшпейтін  таңба

Мәңгілік.