Үйіріп  отты  қамшысын,

Күңірентті  көкті  күркіреп.

Шалғынды  шайып  тамшысы,

Жөңкіді  бұлттар  дүркіреп.

 

Көлгірсіп  жүрген  аспанда,

Емес  бұл  кірбің  тіршілік.

Жебесін  жасын  шашқанда,

Тұрады  жаның  түршігіп.

 

Бұлттардың  түріп  етегін,

Сақылдап  тұрып  күледі.

Тұтатып  жанды  кетеді,

Кейде  бір  өткір  мінезі.

 

Ұшқыны  сөнсе  көзіңнің,

Найзағай  отын  жиып  ал.

Суалса  көлі  көңілдің,

Жаңбырдан  мөлдір  құйып  ал.