Қайғыға  қатал  ұшырап,

Білемін  қатты  жүдедің.

Қайтсе  де  қанжар  ұшына,

Қимаймын  сені  Жібегім.

 

Өмірді  қорғап  қалудан,

Өлімге  бару  жеңілдеу.

Тілегімді  бір  қабылда,

Жеңілмеу  керек,  жеңілмеу!

 

«Жүрмін  деп  тірі»  арланба,

Тоздырма  тағат  төзімді.

Жете  алмай  кеткен  арманға,

Мен  үшін  сақта  өзіңді.

 

Тұрар  ем  жанып  көгіңде,

Жұлдызың  болып  үңіліп.

Келтірсең  мынау  өмірге,

«Төлеген»  атты  бір  үміт.